29.05.2026 13:27

«Барселона» Гордонның трансферін бүгін хабарлайды

29.05.2026 13:27

Энтони Гордон «Барселона» ойыншысы атануға жақын

Габриэл Санстың хабарлауынша, «блауграна» Гордонның трансферін бүгін, 29 мамыр күні ресми хабарлайды. Энтони кеше Барселонаға келіп, медициналық тексерістен өтті. Енді бүгін келісімшартқа қол қояды. «Блауграна» оны «Ньюкаслдан» бонустармен есептегенде шамамен 80 миллион еуроға сатып алды.

25 жастағы англиялық ойыншы осы маусымда 46 матчта 17 гол соғып, бес нәтижелі пас берді және алдағы Әлем чемпионатына қатысады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram