29.05.2026 12:28
«Ливерпульден» бір ойыншы кетеді
29.05.2026 12:28
«Ливерпуль» қорғаушысы Ибраима Конате клубтан кетеді

Бен Джейкобстың хабарлауынша, қос тарап 30 маусымда аяқталатын келісімшартты ұзартпайтын болды. Конате мен клуб бірнеше ай бойы келіссөз жүргізіп, нәтижесінде бір мәмілеге келе алмады.
27 жастағы француз ойыншысы Мерсисайдтың клубына 2021 жылы «Лейпцигтен» 40 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 51 матчқа қатысып, екі гол соқты.