29.05.2026 00:12
Силва «Барселона» ойыншысы атануға жақын
29.05.2026 00:12
Бернарду Силва мансабын «Барселонада» жалғайды

Николо Скираның хабарлауынша, 31 жастағы португалиялық жартылай қорғаушы «блауграна» сапына еркін агент ретінде ауысуға жақын. Қос тарап 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қояды және оны тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі бар. Бернардудың өзі «Барселона» жейдесін киюге дайын, бас бапкер Ханс-Дитер Флик те оны өз командасында көргісі келеді.
Силва жазда 2017 жылдан бері ойнап келген клубы «Манчестер Ситиден» кететінін хабарлап қойды. Ол осы маусымда 53 матчта үш гол соғып, бес нәтижелі пас берді.