28.05.2026 23:31
Аллегри «Наполи» бас бапкері атанады
28.05.2026 23:31
Массимилиано Аллегри «Наполиді» тізгіндейді

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап толықтай келісімге келді және жақында 2028 жылдың жазына дейін жарамды келісімшартқа қол қояды, оны тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі бар. 58 жастағы италиялық маманның бір жылдағы жалақысы 5 миллион еуроны құрайды.
Аллегри соңғы рет өткен жаздан бері «Миланды» жаттықтырып, одан 25 мамыр күні кетті. Ал Неапольдің клубын 2024 жылдың жазынан бері Антонио Конте баптады.