29.05.2026 12:39
Сенеси «Тоттенхэм» ойыншысы атанады
29.05.2026 12:39
«Борнмут» қорғаушысы Маркос Сенеси «Тоттенхэмге» ауысады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, Сенеси Лондонның клубына еркін агент ретінде қосылады және жақында 2030 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қояды.
Осыған дейін «қораздар» «Ливерпульден» кететін Эндрю Робертсонды қатарға қосқан еді.
Бұған дейін Сенесидің 30 маусымда аяқталатын келісімшартты ұзартпай, жазда «Борнмуттан» кететіні белгілі болған. 29 жастағы қорғаушы биылғы маусымда 39 матчқа қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады. Сондай-ақ ол Әлем чемпионатына баратын Аргентина құрамасының қатарына енбеді.