29.05.2026 16:31

«Барселона» Альварес үшін 100 млн еуро ұсынды

29.05.2026 16:31

«Атлетико» шабуылшысы Хулиан Альварес «Барселонаға» ауысуға жақын

Фабрицио Романоның хабарлауынша, Каталонияның клубы Мадридтің ұжымына құны 100 миллион еуроны құрайтын алғашқы ресми ұсынысты жолдады. Бұған ешқандай бонус та, үстінен қосымша ойыншы да қосылмайды екен. Ал «Атлетико» бұл соманы менсінбей отыр, бірақ Хулианның өзі кетемін деп тұр.

Альварес Мадридтің клубына 2024 жылы «Манчестер Ситиден» 75 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 49 матчта 20 гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берді және биыл Аргентина құрамасымен Әлем чемпионатына барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram