29.05.2026 22:27
Йошко Гвардиол «Реалға» ауысуы мүмкін
29.05.2026 22:27
«Манчестер Сити» қорғаушысы Йошко Гвардиол «Реалға» ауысуы мүмкін

Caught Offside хабарлауынша, Мадридтің клубы оны келер жазда қатарына қосқысы келеді. Сондай-ақ оған «Бавария» қызығушылық танытуда. Ал «қалалықтар» басты жұлдызын кемі 75 миллион еуроға бағалап отыр.
«Қалалықтар» Гвардиолды 2023 жылы «Лейпцигтен» 90 миллион еуроға сатып алған еді. Ол осы маусымда 25 матчта екі гол соғып, бес нәтижелі пас берді.