24.05.2026 14:47
Хакими Чемпиондар лигасының финалына қатыспайды
24.05.2026 14:47
ПСЖ қорғаушысы Ашраф Хакимидің жағдайы белгілі болды

27 жастағы марокколық ойыншы Чемпиондар лигасы жартылай финалындағы «Баварияға» (5:4) қарсы бірінші матчта бұлшық етін зақымдап алып, содан бері ойнамаған еді.
L'Equipe хабарлауынша, ол осы жарақатына байланысты 30 мамыр күні Венгрия астанасы Будапештегі «Пушкаш Аренада» өтетін «Арсеналға» қарсы матчқа қатыспайды. Ашраф Чемпиондар лигасының финалына дайын болмайды екен.
Хакими осы маусымда 31 матчта үш гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берді.