24.05.2026 12:50

Неймардың жағдайы белгілі болды

24.05.2026 12:50

Бразилия құрамасы мен «Сантос» шабуылшысы Неймардың жағдайы белгілі болды

Осыған дейін оның оң жақ балтыр бұлшық еті ісіп кеткен еді. ESPN хабарлауынша, Нейдің бұл жарақаты ойлағаннан да ауыр болып шықты және салдарынан Панама (31 мамыр) мен Египетке (6 маусым) қарсы Әлем чемпионаты алдындағы жолдастық матчтарға қатыспайды.

Бразилия жаһан додасында С тобында Шотландия, Марокко және Гаитимен ойнайды. Биылғы мундиаль 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада һәм Мексикада өтеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram