24.05.2026 11:32
Нойер рекорд қайталады
24.05.2026 11:32
Германия кубогының финалында «Бавария» «Штутгартты» 3:0 есебімен тізе бүктірді

Осылайша Мюнхен клубының қақпашысы Мануэль Нойер бұл турнирде жетінші рет топ жарды және «Баварияның» бұрынғы жартылай қорғаушысы Бастиан Швайнтайгерге тиесілі рекордты қайталады.
40 жастағы неміс голкипері «Бавария» намысын 2011 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 37 матчта 40 гол өткізіп, 11 ойында қақпасына доп жібермеді.