24.05.2026 02:15
«Барселона» ұтылып қалды
24.05.2026 02:15
Испания Ла Лигасының соңғы 38-турында «Барселона» сырт алаңда «Валенсияға» есе жіберді

«Месталья» стадионында өткен кездесу 3:1 есебімен аяқталды. Алаң иелерінің сапында Хави Герра, Луис Риоха және Гвидо Родригес мергендік танытты. Ал Каталония клубының жалғыз голын командадағы соңғы матчын өткізген Роберт Левандовски соқты.
«Блауграна» мезгілінен бұрын Испанияның 29 дүркін чемпионы атанып қойған еді. Бұл Ханси Фликтің шәкірттері үшін маусымдағы соңғы ойын болды.