23.05.2026 16:07

Бруну Фернандеш АПЛ үздік ойыншысы атанды

23.05.2026 16:07

«Манчестер Юнайтед» жартылай қорғаушысы Бруну Фернандеш Ағылшын Премьер-лигасының осы маусымдағы үздік ойыншысы атанды

31 жастағы португалиялық ойыншы биылғы маусымда 34 матчта сегіз гол соғып, 20 нәтижелі пас берді. Осылайша ол алғаш рет бұл жүлдені жеңіп алды.

Бруну «қызыл сойқандардың» сапына 2020 жылы «Спортингтен» 65 миллион еуроға ауысып келген еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram