23.05.2026 17:59
О'Райли АПЛ-де үздік жас ойыншы атанды
23.05.2026 17:59
«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Нико О'Райли Ағылшын Премьер-лигасының осы маусымдағы үздік жас ойыншысы атанды

21 жастағы англиялық қорғаушы биылғы додада 34 матчта бес гол соғып, үш нәтижелі пас берді.
Бұған дейін ол «қалалықтардың» осы маусымдағы үздік ойыншысы деп танылған еді.
Айта кетейік, О'Райли – «Манчестер Ситидің» төл түлегі.