10.05.2026 11:34
Хакими Чемпиондар лигасының финалына қатыса ма?
10.05.2026 11:34
ПСЖ қорғаушысы Ашраф Хакимидің жағдайы белгілі болды

27 жастағы марокколық ойыншы Чемпиондар лигасы жартылай финалындағы «Баварияға» (5:4) қарсы бірінші матчта бұлшық етін зақымдап алып, содан бері ойнамаған еді.
Фабрицио Романоның хабарлауынша, ол 30 мамыр күні Венгрия астанасы Будапештегі «Пушкаш Аренада» өтетін «Арсеналға» қарсы Чемпиондар лигасының финалына дайын болады.
Хакими осы маусымда 31 матчта үш гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берді.