01.10.2025 19:20
Хакими «Барселонаға» қарсы матч алдында пікір білдірді
01.10.2025 19:20
ПСЖ қорғаушысы Ашраф Хакими «Барселонаға» қарсы ойын жайлы сөз қозғады
— «Екі команданың да ойын стилі бір-біріне ұқсас. Біз мейлінше көбірек допқа иелік етуге тырысамыз. Асықпай, байыппен ойнаймыз. Менің ойымша, допты яғни ойында бақылауда ұстаған команда жеңіске жетеді. Бүгін аянып қалмаймыз,– деді марокколық қорғаушы.
Чемпиондар лигасының 2-туры аясында өтетін орталық матч бүгін, 1 қазан сағат 00:00-де басталады. Кездесуді Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.