12.01.2026 22:35
Хаби Алонсо «Реалдан» кетті
12.01.2026 22:35
Хаби Алонсо «Реал» бас бапкері қызметінен босатылды

Мадридтің клубы 44 жастағы испан маманымен келісімшартты мезгілінен бұрын бұзғанын хабарлады.
Алонсо «бланкосты» маусым айынан бері жаттықтырған еді. Осы аралықта команда 24 рет жеңіске жетіп, төрт мәрте тең түссе, алты матчта қарсыласына есе жіберді.