12.01.2026 21:08

«Манчестер Юнайтед» 48 сағаттың ішінде жаңа бапкерін таныстырады

12.01.2026 21:08

«Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы жартылай қорғаушысы Майкл Кэррик команданың бас бапкері міндетін атқарушы қызметіне тағайындалуы мүмкін

Бен Джейкобстың хабарлауынша, қос тарап келіссөзді сәтті аяқтауға жақын. Манкуниандықтар бәрін бүгін реттеп, алдағы 48 сағаттың ішінде жаңа тәлімгерін ресми түрде таныстыруды көздеп отыр.

5 қаңтар күні «Манчестер Юнайтед» бас бапкері Рубен Аморимді орнынан қуған еді. Содан бері команданы Даррен Флетчер уақытша жаттықтырып келеді. Ол Кэрриктің штабына қосылады екен.

Айта кетейік, 44 жастағы Кэррик «қызыл сойқандарды» бас бапкер міндетін атқарушы ретінде 2021 жылы 12 күн баптаған. Оның тұсында команда екі рет жеңіске жетіп, бір ойында тең нәтиже көрсетті.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram