12.01.2026 18:27

«Тоттенхэм» ойыншысы қатардан шықты

12.01.2026 18:27

«Тоттенхэм» жартылай қорғаушысы Родриго Бентанкур жарақат алды

28 жастағы ойыншы «Борнмутқа» (2:3) қарсы матчта бұлшық етін зақымдап алыпты.

Соның салдарынан Бентанкур үш айға жуық уақыт ойнамайды. Оған жақын күндері ота жасалады.

Осыған байланысты Лондонның клубы осы қыста қатарына бір жартылай қорғаушы қосып алмақ.

Бұған дейін вингер Мұхаммед Кудус та дәл осындай жарақат алып, сәуір айының басына дейін қатардан шыққан еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram