12.01.2026 14:51
«Астон Вилла» шабуылшысы ат басын Италияға бұрады
12.01.2026 14:51
«Астон Вилла» шабуылшысы Дониэлл Мален мансабын Италияда жалғайды

Il Romanista хабарлауынша, 26 жастағы форвардты «Рома» 26-27 миллион еуроға сатып алу құқығымен жалға алады. Қос клуб толықтай келісімге келіп қойды. Маленнің өзі де Рим клубына ауысуға қарсы емес.
Мален осы маусымда 29 матчта жеті гол соғып, екі нәтижелі пас берді.