12.01.2026 15:18
Гехи «Ман Сити» мен «Ливерпуль» арасында таңдау жасады
12.01.2026 15:18
«Кристал Пэлас» қорғаушысы Марк Гехи жақында клуб ауыстыруы мүмкін

Экрем Конурдың хабарлауынша, 25 жастағы ағылшын өзіне «Манчестер Ситидің» қызығушылық танытып отырғанына қарамастан, «Ливерпульге» қосылғысы келеді.
Мерсисайд клубының басшылығы бұл жаңалықты естігеннен соң, Маркты қатарына қосу үшін әрекет етпек.
Гехи осы маусымда 33 матчта үш гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. Оның «Кристал Пэласпен» келісімшарты 30 маусымда аяқталады.