12.01.2026 21:41
«Ливерпуль» 100 миллионға вингер алмақ
12.01.2026 21:41
«Лейпциг» вингері Ян Диоманде «Ливерпульге» ауысуы мүмкін

TEAMtalk хабарлауынша, Мерсисайдтың клубы 19 жастағы Кот-д'Ивуар ойыншысын аттай қалап отыр. Трансфер құны шамамен 100 миллион еуроны құрауы мүмкін.
Одан бөлек бұл футболшыға ПСЖ, «Бавария», «Манчестер Юнайтед» және «Тоттенхэм» қызығушылық танытып отыр екен. Бірақ Янның өзі осыған дейін «Ливерпульде» ойнағысы келетінін айтқан еді.
Диоманде осы маусымда 16 матчта жеті гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.