12.01.2026 03:14
Хаби Алонсо: «Барселонаны» құттықтаймын
12.01.2026 03:14
«Реал» бас бапкері Хаби Алонсо Испания Суперкубогы аясындағы «Барселонамен» ойындағы (2:3) жеңілістен кейін пікір білдірді

– «Барселонаны» құттықтаймын. Тартысты матч болды. Бізде ойынды өзгертіп жіберетіндей екі керемет мүмкіндік болды. Үшінші голды өткізіп алғанымызда, есепті теңестіре алатын сәт болатынына 100% сендім. Бірақ доп қақпаға кірмей қойды. Мен команданың дайындығы мен бүгін көрсеткен жанкештілігіне ризамын. Алайда жеңісті жұлып әкету үшін бізге дәлдік жетіспеді»,– деді 44 жастағы испан маманы.
Мадридтің клубы келесі кездесуін Испания кубогының 1/8 финалында 14 қаңтар күні «Альбасетеге» қарсы өткізеді.