12.01.2026 02:54

«Интер» мен «Наполи› тең тарқасты

12.01.2026 02:54

Италия А Сериясының 20-турында «Интер» өз алаңында «Наполимен» тең ойнады

Джузеппе Меацца атындағы стадионда өткен кездесу 2:2 есебімен аяқталды. Алаң иелері сапында Федерико Димарко мен Хакан Чалханоглу гол соқты. Ал Неаполь клубында Скотт Мактоминей дубль жасады.

Осылайша қос команда бір ұпайды місе тұтты. Еншісінде 43 ұпайы бар «Интер» турнир кестесінде көш бастап тұр. Ал «Наполи» 39 ұпаймен үшінші орында келеді.

Кристиан Кивудың шәкірттері келесі турда «Леччемен» күш сынасады. Антонио Контенің командасы болса «Пармамен» шеберлік байқасады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram