12.01.2026 02:42
Флик – финалда жеңіліп көрмеген бапкер
12.01.2026 02:42
«Барселона» «Реалды» 3:2 есебімен жеңіп, Испания Суперкубогында топ жарды

Бұл – «блауграна» бас бапкері Ханс-Дитер Фликтің мансабындағы сегізінші финалындағы сегізінші жеңісі.
Осылайша 60 жастағы неміс маманы Испания Суперкубогының екі дүркін иегері атанып, Чемпиондар лигасы, Клубтар арасындағы Әлем чемпионаты, Испания кубогы, Германия кубогы, Германия Суперкубогы және УЕФА Суперкубогын иеленген. Одан бөлек Бундеслиганың екі дүркін чемпионы болып, Ла Лигада топ жарған.
Айта кетейік, Ханс-Дитер Флик «Барселонаны» 2024 жылдан бері жаттықтырып келеді.