12.01.2026 01:56

«Барселона» Испания Суперкубогының иегері атанды

12.01.2026 01:56

Испания Суперкубогының финалында «Барселона» «Реалдан» басым түсті

Сауд Арабиясының Джидда қаласында өткен кездесуде Каталонияның клубы 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Ойынның 36-минутында Рафинья есеп ашса, 45+2-минутта Винисиус Жуниор таразы басын теңестірді. Одан соң 45+4-минутта Роберт Левандовски және 45+6 минутта Гонсало Гарсия дараланды. Ал «блаугранаға» жеңіс әкелген голды 73-минутта Рафинья соқты.

Сондай-ақ 90+1-минутта Френки де Йонг қызыл қағаз алып, алаңнан қуылып кетті.

Осылайша «Барселона» бұл турнирде 16-рет топ жарды.

Ханс-Дитер Флик шәкірттері келесі матчын Ел кубогының аясында 15 қаңтар күні «Расингке» қарсы өткізеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram