11.01.2026 23:47
«Манчестер Юнайтед» Англия кубогынан ұшып кетті
11.01.2026 23:47
Англия кубогының 1/32 финалында «Манчестер Юнайтед» өз алаңында «Брайтонға» есе жіберді

«Олд-Траффорд» стадионында өткен кездесуде 1:2 есебі тіркелді. «Шағалалардың» сапында Брайан Груда мен Дэнни Уэлбек қақпа торын тулатты. Ал манкуниандықтардың жалғыз голын Беньямин Шешко гол соқты.
«Қызыл сойқандар» келесі кездесуін 17 қаңтар күні «Манчестер Ситиге» қарсы өткізеді.