11.01.2026 23:13
AS: Мбаппе екінші таймда шығады
11.01.2026 23:13
«Реал» шабуылшысы Килиан Мбаппе Испания Суперкубогының финалындағы «Барселонаға» қарсы матчта қосалқы құрамда қалды

AS басылымының хабарлауынша, 27 жастағы француз ойынға екінші таймда тыңнан қосылады.
Осыған дейін Мбаппе сол жақ тізесін зақымдап алып, соңғы екі матчқа қатыспаған еді. Ол Джиддаға командадан бөлек келіп, кеше ғана жаттығуға қосылды.
00:00-де басталатын кездесуді Sport+ Qazaqstan телеарнасынан және Megogo онлайн-сервисінен тікелей эфирде тамашалай аласыздар.