11.01.2026 23:36
«Бавария» 8:1 есебімен жеңіске жетті
11.01.2026 23:36
Германия Бундеслигасының 16-турында «Бавария» өз алаңында «Вольфсбургты» 8:1 есебімен тізе бүктірді

Мюнхен клубының сапында Майкл Олисе дубль жасаса, Луис Диас, Харри Кейн, Леон Горецка, Рафаэль Геррейру мергендік танытты. Сондай-ақ Мориц Йенс пен Килиан Фишер өз қақпасына гол соғып алды.
Осылайша 44-ұпайына қол жеткізген Венсан Компани шәкірттері турнир кестесінде жеке-дара көш бастады. Келесі турда команда 14 қаңтар күні «Кёльнге» қонаққа барады.