05.12.2025 06:23

Влаховичке ота жасалды

05.12.2025 06:23

Влаховичтің отасы сәтті өтті

«Ювентус» шабуылшысы Душан Влаховичтің сол жақ жамбас бұлшықетінің сіңірі үзіліп кеткен еді. Қазіргі таңда ота сәтті өтті деп клубтың ресми сайты хабарлады.

Операция Лондонда жасалды. 5 желтоқсанда футболшы оңалтуды бастайды. Клуб қалпына келу мерзімін нақты атаған жоқ. Sky Sport Italia дерегінше, оған шамамен 14 апта қажет болады.

Ағымдағы маусымда Влахович 17 матчта 6 гол соғып, 2 голдық пас берген.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram