05.12.2025 02:56
«Манчестер Юнайтед» ұпай жоғалтты
05.12.2025 02:56
Ағылшын Премьер-лигасының 14-турында «Манчестер Юнайтед» өз алаңында «Вест Хэммен» тең тарқасты

«Олд-Траффорд» стадионында өткен кездесуде 1:1 есебі тіркелді. 58-минутта Диогу Далот есеп ашса, оған 84-минутта Сунгуту Магасса жауап қайтарды.
Осылайша 22-ұпайын еншілеген Манчестердің клубы турнир кестесінде сегізінші сатыға табан тіреді.
Рубен Аморим шәкірттері келесі турда 8 желтоқсан күні «Вулверхэмптонға» қонаққа барады.