05.12.2025 03:02
Далоттың көптен күткен голы
05.12.2025 03:02
Далот 2024 жылдың мамыр айынан бері алғаш рет АПЛ-де гол соқты

«Манчестер Юнайтед» қорғаушысы Диогу Далот АПЛ-дің 14-туры аясындағы «Вест Хэмге» қарсы матчта есепті ашты.
Футболшы 58-минутта гол соқты. Бұл оның 2024 жылдың мамыр айынан бергі чемпионаттағы алғашқы голы.
2024 жылдың 19 мамырында ойыншы 38-турдағы «Брайтонға» қарсы жеңісті матчта голмен көзге түскен еді.