30.11.2025 20:01

Влахович жарақат алды

30.11.2025 20:01

Влахович бұлшықет жарақатына байланысты 5–6 аптаға ойыннан тыс қалды

«Ювентус» шабуылшысы Душан Влахович А сериясының 13-туры аясында «Кальяриге» (2:1) қарсы матчта жарақат алды. 25 жастағы футболшы ойынның 31-минутында ауыстырылды.

La Gazzetta dello Sport мәліметінше, шабуылшының сол аяғынан бұлшықет жарақаты анықталған. Ол 5–6 аптаға алаңнан тыс қалады.

Биылғы маусымда Влахович 17 матчта 6 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram