30.11.2025 18:56

«Манчестер Юнайтед» камбэк жасады

30.11.2025 18:56

Ағылшын Премьер-лигасының 13-турында «Манчестер Юнайтед» түзде «Кристал Пэластан» басым түсті

Лондонда өткен кездесуде 1:2 есебі тіркелді. 36-минутта Жан-Филипп Матета пенальтиден гол соғып, есеп ашқан еді. Алайда оған Джошуа Зиркзее мен Мейсон Маунт қарымта қайтарды.

Осылайша манкуниандықтар үш матчқа созылған сәтсіз сериясына нүкте қойды. Бұған дейін «Ноттингем Форест» (2:2) және «Тоттенхэммен» (2:2) тең түсіп, «Эвертонға» (0:1) жол берген еді.

21-ұпайын еншілеген «қызыл сойқандар» турнир кестесінде алтыншы орынға көтерілді. Рубен Аморим шәкірттері келесі турда 4 желтоқсан күні «Вест Хэмді» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram