30.11.2025 16:57

Рюдигер мансабындағы ең үздік бапкерін атады

30.11.2025 16:57

«Реал» қорғаушысы Антонио Рюдигер мансабындағы ең үздік бапкерін атады

– «Томас Тухель – менімен бірге жұмыс істеген ең үздік бапкер. Ол «Челсиді» түбегейлі өзгертті. Менің «Реалда» ойнауым да сол кісінің арқасында. Тухельсіз мен мұндай деңгейге жете алмас едім»,– деді Рюдигер.

Айта кетейік, Рюдигер 2021-2022 жылдары «Челсиде» Тухельдің шәкірті болған еді. Германия құрамасының қорғаушысы отандасының тұсында Чемпиондар лигасы, УЕФА Суперкубогы және Клубтар арасындағы Әлем чемпионатын жеңіп алды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram