30.11.2025 19:43

«Кристал Пэлас» бұл жолы жеңе алмады

30.11.2025 19:43

«МЮ»-дың жеңісі «Кристал Пэластың» өз алаңындағы ең ұзақ жеңіліссіз сериясын тоқтатты

«Манчестер Юнайтед» 13-турдағы АПЛ матчында «Кристал Пэласқа» қарсы 2:1 есебімен жеңіске жетті. Бірінші таймда алаң иелері Жан-Филип Матетаның пенальтиден кейін есеп ашты. Ал ойынның екінші бөлігінде «қызыл сойқандар» Джошуа Зиркзе мен Мэйсон Маунт қос голмен жауап берді.

Бұл жеңіліс «Кристал Пэлас» командасының өз алаңындағы ең ұзақ жеңіліссіз сериясын тоқтатты. Жалпы 12 ойынға жалғасқан еді. «Кристал Пэлас» соңғы рет «Селлхерст Парк» стадионында «Эвертонға» қарсы 2025 жылдың 15 ақпанында 1:2 есебімен жеңілген.

Қазіргі уақытта «Кристал Пэлас» АПЛ турнирлік кестесінде 7-орында орналасып, 20 ұпай жинаған.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram