10.05.2026 11:53
Влахович рекорд орнатты
10.05.2026 11:53
Италия А Сериясының 36-турында «Ювентус» сырт алаңда «Леччені» 1:0 есебімен тізе бүктірді

Матчтағы жалғыз голды 26-секундта Душан Влахович соқты.
Осылайша 26 жастағы сербиялық форвард «Ювентустің» А Сериясындағы ең жылдам голының авторы атанды. Ал чемпионат тарихындағы рекорд 2020 жылы небәрі 6-секундта «Сасуолло» қақпасының торын тулатқан Рафаэль Леауға тиесілі.
«Бьянконери» 26 жастағы сербиялық форвардты 2022 жылы «Фиорентинадан» 85,4 миллион еуроға сатып алған еді. Ол осы маусымда 21 матчта сегіз гол соғып, екі нәтижелі пас берді.