11.02.2026 08:34

Вирц «Ливерпульдің» үздік ойыншысы атанды

11.02.2026 08:34

Флориан Вирц «Ливерпульдің» қаңтардағы үздік ойыншысы атанды

22 жастағы неміс жартылай қорғаушысы өткен айда тоғыз матчта бес гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Осылайша ол жанкүйерлердің дауыс беру нәтижесінде Уго Экитике мен Доминик Собослаиды артқа тастады.

Вирц Мерсисайдтың клубына өткен жазда «Байерден» 125 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол содан бері 33 матчта алты гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram