11.02.2026 02:36

«Челси» «Лидсті» жеңе алмады

11.02.2026 02:36

Ағылшын Премьер-лигасының 26-турында «Челси» өз алаңында «Лидспен» тең тарқасты

«Стэмфорд Бридж» стадионында өткен кездесу 2:2 есебімен аяқталды. Алаң иелері сапында Жоау Пауло мен Коул Палмер гол соқты. Ал оған Лукас Нмеча және Ноа Окафор жауап қайырды.

Осылайша 44-ұпайына қол жеткізген Лондонның клубы турнир кестесінде төртінші орынға табан тіреді.

Лиам Росеньор шәкірттері келесі турда 21 ақпан күні «Бёрнлиді» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram