10.02.2026 21:42

Палмер АПЛ-де үздік атанды

10.02.2026 21:42

Коул Палмер Ағылшын Премьер-лигасының 25-турдағы үздік ойыншысы атанды

«Челсидің» 23 жастағы жартылай қорғаушысы «Вулверхэмптон» (3:1) қақпасына бірінші таймда-ақ хет-трик жасап тастаған еді.

Осылайша ол жанкүйерлердің дауыс беру нәтижесінде Мартин Субимендиді («Арсенал»), Эрлинг Холандты («Манчестер Сити»), Илья Груевты («Лидс»), Данго Уаттараны («Брентфорд»), Крисенсио Саммервиллды («Вест Хэм») және Кирнан Дьюсбери-Холлды («Эвертон») артқа тастады.

Палмер осы маусымда 17 матчта сегіз гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram