11.02.2026 08:18

Беллингем екі ай ойнамауы мүмкін

11.02.2026 08:18

«Реал» жартылай қорғаушысы Джуд Беллингемнің жағдайы белгілі болды

22 жастағы англиялық ойыншы «Райо Вальеканоға» (2:1) қарсы матчта сол аяғының бұлшық етін зақымдап алған еді.

Рамон Альварес де Монның хабарлауынша, оның бұл жарақаты әлдеқайда ауыр болып шықты. Осыған байланысты Джуд шамамен екі ай командасына көмектесе алмайды екен.

Бұл оның мансабындағы сегізінші жарақаты болды. Бұған дейін 149 күні емделуге кетіп, 25 матчтан тыс қалған. Ал осы маусымда 28 матчта алты гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram