03.08.2026 17:15
Винисиустың өкілдері Лондонға аттанды
03.08.2026 17:15
«Реал» вингері Винисиус Жуниордың өкілі, Roc Nation Sports International агенттігінің президенті Майкл Йормарк Лондонға бет алды
Мұны ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

Осыған дейін «Арсеналдың» Винисиус үшін 145 миллион еуро көлемінде ресми ұсыныс жолдағаны белгілі болған еді.
«Бланкос» 26 жастағы бразилиялық ойыншыны 2018 жылы «Фламенгодан» 45 миллион еуроға сатып алған. Ол өткен маусымда 53 матчта 22 гол соғып, 14 нәтижелі пас берді. Винисиустың «Реалмен» келісімшартты 2027 жылдың 30 маусымында аяқталады және қос тарап оны ұзарту жөнінде келісімге келе алмай жатыр.