03.08.2026 16:48
«Қайраттың» ықтимал қарсыластары белгілі болды
03.08.2026 16:48
«Қайраттың» Еурокубоктағы ықтимал қарсыластары белгілі болды

Егер Алматының клубы Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Болгарияның «Левски» клубын қапы қалдырса, плей-офф раундында АЕК-пен (Грекия) күш сынасады.
Ал «Левскиге» есе жіберген жағдайда Еуропа лигасының жолдамасын ПАОК (Грекия) – «Андерлехт» (Бельгия) жұбының жеңімпазымен сарапқа салады.
Рафаэль Уразбахтин шәкірттері «Левскиге» қарсы бірінші ойынды ертең, 4 тамыз күні түзде өткізеді. Ал қарымта кездесу 11 тамыз күні Түркістанда болады.