03.08.2026 14:13

«Барселона» Родриді бақылап отыр

03.08.2026 14:13

«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Родриге «Барселона» көз тікті

Cadena SER хабарлауынша, Каталонияның клубы Родри мен «Реал» арасында жүріп жатқан келіссөзді мұқият бақылап отыр. Егер ол үзіле қалған жағдайда, «блауграна» бірден Родримен байланыс орнатпақ.

«Барселонаның» спорт директоры Деку мен бас бапкер Ханс-Дитер Флик команданың жартылай қорғанысын мінсіз деп есептейді, бірақ Френки де Йонгтың жарақат алуы олардың ойын өзгертіп жіберді. Соған байланысты клуб Родриді алғысы келеді.

30 жастағы Испания құрамасының дүлдүлі биылғы Әлем чемпионатында үздік ойыншы атанған еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram