14.07.2026 18:49
Де Йонг қатардан шықты
14.07.2026 18:49
«Барселона» жартылай қорғаушысы Френки де Йонг жарақат алды

Marca хабарлауынша, ол Әлем чемпионатында Нидерланд құрамасының намысын қорғап жүрген кезде тізесін оңбай зақымдап алыпты. Осыған байланысты төрт ай алаңға шыға алмауы мүмкін.
29 жастағы ойыншы Каталонияның клубына 2019 жылы «Аякстан» 86 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол өткен маусымда 38 матчта бір гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді