14.07.2026 10:51
Троссард «Бешикташқа» ауысады
14.07.2026 10:51
Леандро Троссард «Бешикташ» ойыншысы атанады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап толықтай келісімге келді. «Қара бүркіттер» оны «Арсеналдан» 18 миллион еуроға сатып алады және қосымша бонус ретінде тағы екі миллион төлейді. Троссард бүгін кешке Ыстамбұлға ұшып барып, 2030 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қояды.
31 жастағы Бельгия құрамасының вингері Лондонның клубына 2023 жылы «Брайтоннан» 24 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол өткен маусымда 50 матчта сегіз гол соғып, 11 нәтижелі пас берді.