13.07.2026 22:20
Месси Әлем чемпионатының үздік ойыншысы деп танылды
13.07.2026 22:20
Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси биылғы Әлем чемпионатының ең үздік ойыншысы деп танылды

39 жастағы вингер The Athletic басылымы құраған рейтингіде топ жарды. Екінші орынға Франция шабуылшысы Килиан Мбаппе жайғасса, үздік үштікті Англия жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем түйіндеді. Ал топ-10 мынадай:
Лионель Месси (Аргентина)
Килиан Мбаппе (Франция)
Джуд Беллингем (Англия)
Харри Кейн (Англия)
Эрлинг Холанд (Норвегия)
Майкл Олисе (Франция)
Осман Дембеле (Франция)
Ашраф Хакими (Марокко)
Винисиус Жуниор (Бразилия)
Эмерик Ляпорт (Испания).
Месси биылғы мундиальда алты матчта сегіз гол соғып, екі нәтижелі пас берді.