13.07.2026 19:04
Славен Билич Хорватия бас бапкері атанды
13.07.2026 19:04
Славен Билич Хорватия құрамасын тізгіндеді

57 жастағы маман араға 14 жыл салып қызметіне оралды. Бұған дейін «шақпақ жейделілерді» 2006-2012 жылдары жаттықтырған. Одан бөлек қорғаушы ретінде ұлттық құрама намысын 1992-2000 жылдары қорғады. Ал жалақысы жылына бір миллион еуроны құрайды екен.
Биличтен бұрын Хорватияны 2017 жылдан бері Златко Далич баптаған еді. Модрич бастаған жігіттер биылғы Әлем чемпионатында 1/16 финалда Португалияға (1:2) жол берді.