13.07.2026 20:54
Аллан Сен-Максименнің жаңа клубы белгілі болды
13.07.2026 20:54
Аллан Сен-Максимен еркін агент ретінде «Шарлоттқа» ауысты

Қос тарап 2029 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.
29 жастағы француз вингерінің соңғы клубы «Ланс» болды. Ол өткен маусым Франция Бірінші лигасында он матчта үш гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Сен-Максимен одан бөлек «Америка», «Әл-Ахли», «Фенербахче», «Ньюкасл», «Ницца», «Монако», «Ганновер» және «Селтикте» ойнаған.