13.07.2026 19:13
Люка Динь ПСЖ ойыншысы атанады
13.07.2026 19:13
Люка Динь ПСЖ ойыншысы атанады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап ауызша келісімге келді. Париждің клубы Әлем чемпионатынан кейін «Астон Виллаға» келісімшартта көрсетілген сатып алу құны 10 миллион еуроны төлейді. Динь Нуну Мендешті ауыстырып отыруға келіскен екен.
32 жастағы Франция құрамасының ойыншысы «Астон Вилла» намысын 2022 жылдан бері қорғап келді. Ол өткен маусымда 44 матчқа қатысып, жеті нәтижелі пас берді.