03.08.2026 13:53
«Реал» Винисиустың бағасын бекітті
03.08.2026 13:53
«Реал» вингері Винисиус Жуниор «Арсеналға» ауысуы мүмкін

Diario AS журналисі Хосе Феликс Диастың хабарлауынша, егер Винисиус 2027 жылдың 30 маусымында аяқталатын келісімшартты ұзартпаса, Мадридтің клубы оны 150 миллион еуроға сатуға дайын.
Қазір Винисиусты «Арсенал» аттай қалап отыр. Лондонның клубы оны қатарға қосу үшін барын салып жатыр. Бас бапкер Микель Артета Виниге келер маусымда команданың басты жұлдызы болатынын айтыпты. Футболшының өзі де «зеңбірекшілер» сапын толықтыруға қарсы емес.
«Бланкос» 26 жастағы бразилиялық ойыншыны 2018 жылы «Фламенгодан» 45 миллион еуроға сатып алған еді. Ол өткен маусымда 53 матчта 22 гол соғып, 14 нәтижелі пас берді.